Теледидар балаларда қатерлі ісік қаупін арттыруда

/upd/2016/0609/1465457040575919904f1c39.62870625.jpg

Мамандардың айтуынша теледидарды көп көретін балаларға төніп тұрған қауіп-қатерлер: қатерлік ісік ауруы, аутизм (сыртқы ортадан оқшаулану) және ерте ер жетілу болып табылады. Америкалық Педиатр Академигі «Теледидар және Балалар» атты зерттеулерінің нәтижелері бойынша, 2 жастан төмен балаларға теледидар көруге болмайды. Мамандар теледидардың балаларға тигізетін зиянды әсерлерін былай түсіндірді: Аз қимылдауларының салдарынан семіздікке жол ашады, гармондық теңсіздіктер тудырады. Теледидардан таралған жарықтық ең маңызды гормондардан бірі болып саналатын мелатонинді азайтады. Иммунитет жүйесін әлсіретіп, әр түрлі ауруларға жол ашады. Мелатониннің жетіспеушілігінен ДНҚ да өзгерістер пайда болып, қатерлі ісік ауруына себеп болуы мүмкін. Балалардың ерте ер жетілуінің ең үлкен себебі болып табылады. Ұйқысыздыққа жол ашады. Сыртқы қоғамдық қатынастардан оқшауландырғаны үшін жас өспірімдерді аутизмге шалдықтыруы мүмкін. Денедегі майдың мөлшерін арттырады. Экраннан шыққан сәулелердің әсерінен лептин және грелин атты гормондарда теңсіздіктер пайда болып, артық мөлшерде майдың жиналуына себеп болады.