Жеміс-жидек және көкөніс

/upd/2016/0609/146545722157591a45b211c4.04693889.jpg1948 жылы америкалық Джей Кордич қуық асты қатерлі ісігіне шалдығады. Дәрігерлердің “жазылуы мүмкін емес” деген ауырын Кордич таза (свежий) жеміс-жидек және көкөніс шырындарымен емдейді. Өзінің бұл әдістерін “Жеміс-жидек және көкөністердің құпия күштері” атты кітабына жинақтайды. Солардың кейбіреулері:
Інжір – ішектерді жұмыс істетеді, жылу береді. 
Алма – бүйректерді тазартады, ас қорыту жүйесін жақсартады. 
Өрік – Қан көбейтеді, тері және шашқа болымды әсері бар. Қатерлі ісік ауруларының алдын алуға көмектеседі. 
Банан – жүрекке және бұлшық ет жүйесіне, шаршағанға және іш өткенге өте пайдалы келеді. 
Шие – минерал және витаминдер қоры. 
Грейфрут – ас қорытуды жақсартады, тіс еттерінің қанауын азайтады, суық тигенге және холестеринге жақсы. 
Апельсин – суық тию, тұмау, жарақат алу, жүрек және сал ауруынан сақтайды. 
Мандарин - инфекциялармен күресуді жеңiлдетедi. 
Жүзім – бүйректердің жұмысын жақсартып, жүрек соғысын реттейді. Бауырды тазалайды. 
Қауын – ұйқысыздыққа, ішек және тері қатерлі ісігіне қарсы жақсы. 
Қарбыз – бүйректі тазалайды. 
Қызыл шие (черешня) – холестеринді түсіреді, сабақтары да несеп айдайды. 
Алмұрт – жүрек және қан тамырының саулығын және физикалық жұмыс істеу қабілеттілігін арттырады. 
Қызыл бұрыш – шаштарға, тырнақтарға және теріге өте жақсы.  
Брокколи – асқазан және өңештің қатерлі ісікке шалдығу қаупін азайтады. 
Капуста – қартаюды кешіктіреді және терінің саулығын жақсартады.
Сәбіз – күш-қуат береді. Бауырдың өт сұйықтығын (запыран) бөлуіне және холестериннің реттелуіне көмектеседі. 
Қияр – бұлшық етті жасартады, тері жасушаларына иілгіштік қасиет береді. 
Сарымсақ – қан қысымын төмендетеді, қанның ұйып қалуын азайтады. Асқазанның қатерлі ісігіне қарсы жақсы, иммунитет жүйесін күшейтетіні анықталған. 
Шпинат – бауырды, лимфа бездерін және қан айналым жүйесін реттейді.