Жастарға кеңес!

      Сабаққа дайындалудың, оқып үйренудің және іс жүзінде қайталаудың ережелері мен принциптері бар. Жетістікке жетудің, ойланып зерделей білген адам үшін айнымас заңдылық халіне келген жалпылама және ұтымды ережелері бар, Бұлардан біршамасы мыналар:

    • Сабақ оқу үшін ыңғайлы күн мен уақытты күтпе!

 

    • Бір күнде бітіруің керек болған істі ертеңгі күнге қалдырма!

 

    • Бір уақытта тек бір ғана іспен айналыс!

 

    • Бастаған ісіңді бітірмей тұрып басқа істі бастама!

 

    • Бүгінгі ісіңді бітіргеннен кейін ертеңгі күні не істейтініңді жоспарла!

 

    • Бір істі бастамас бұрын сол жөнінде жақсылап ойланып, есепте!

 

    • Ісіңдегі кез келген қиыншылықты жеңбестен, бір адым да кері шегінбе!

 

    • Сабаққа тұрақты және жоспарлы түрде дайындал!

 

    • Демалу үшін басқа пәнге өзгерт немесе ақырындат!

 

    • Баспен атқарылатын істерге күніне 2-3 сағат жеткілікті.

 

    • Байсалды және нақты бол, бірақ асығыс болма! Санаңа сіңіріп оқы, үйрен!

 

    • Әр күні жақсы кітаптан дауыстап 5-10 бет оқы!

 

    • Кездестірген әдеби, философиялық жақсы тіркестерді жаттап ал!

 

    • Сабырлы бол!

 

    • Бәрінен бұрын ана тіліңде жақсы сөйлеуді және жақсы жазуды біл!

 

    • Сөздерің мен жазғандарың қысқа, нақты және түсінікті болуына көңіл бөл!

 

    • Оқып дайындалған сабағыңды біткеннен кейін оқығандарыңның мазмұны есіңе түсетіндей етіп қысқаша тараулар (заметка) жазып шық!

 

    • Оқып жатқан кітабыңдағы кездестірген жақсы қатарлардың беттерін белгілеп қой!

 

    • Бір істе екі ойлы болған уақытыңда, пайдасы көп зияны азын таңда!

 

    • Ренжулі және ашулы кезіңде ешқандай шешім қабылдама!

 

    • Көп сөйлеме! Орнымен және мағыналы сөйле!

 

    • Біреудің бетіне айта алмаған нәрсеңді артынан айтпа! Арттан сөйлеу қорқақтықтың ең жаман түрі!

 

    • Ешкімнің надандығын бетіне басып айтпа! Адамдарды ең қатты ашуландыратын нәрсе надандығының бетіне айтылуы екенін біл!

 

    • Өтірік айтпа! Өтірік айтқан адам ұсталып қалу қорқынышымен өмір сүретін ұры сияқты болады.

 

    • Әрқашан қалай болсаң солай көрін, көрінгеніңдей бол! Басқаша көрінгісі келген адам ақымақтығын көрсеткен болады.
    • Түнде ұйқыға жатарда ертеңгі күні не істейтініңді өзіңнен сұрамай жатпа!