Халал азық

         Діннің тірегі, негізі халал азық болып табылады. Негіз (фундаменті) нұқсан болса ғимараттың шөгетіні секілді, азық харамнан болғанда дін де шөгеді. Хазреті Абдуллаһ бин Омар “радиаллаһу анһума” былай деген: 
 
        «Бүкір болып қалғанша намаз оқысаңдар және қылдай болып қалғанша ораза тұтсаңдар да, харамнан қашпайынша қабыл болмайды, пайдасы болмайды.»
 
        Хазреті Ибраһим бин Әдһам “рахметуллаһи алейһ” былай деген:
 
        «Ерендер тек асқазандарына кірген азықтарға мұқият болу арқылы кәмілдікке жеткен.»
 
        Дін ұлыларының бірі былай дейді:
 
        «40 күн күмәнды азық жеген адамның көңілі қараяды және дақ пайда болады.»
 
        Сәһл бин Абдуллаһи Тустәри “рахметуллаһи алейһ” былай деген:
 
      «Харам жегендердің 7 мүшесі қаласа да, қаламаса да күнә істейді. Халал жегендердің мүшесі ғибадат етеді. Жақсылық істеуі оңай және ұнамды келеді.»
 
        Олай болса харам азық  жемеу үшін көп тырысу керек. Ненің халал, ненің харам екенін өте жақсы үйрену керек