Ауыл

/upd/2016/0526/14642666255746ef81d7c7f8.14667739.jpg

Қала мен ауылдың арасында көп айырмашылық бар емес пе? Ауылдың экологиясы таза, нағыз табиғи өнімдер!? Қалада бәрі де адам ағзасына зиянды. Ауылдың бір ерекшелігі қалаға қарағанда тату-тәтті, ұйымшыл, күнде той думан! Терезе алдында қала жұртшылығына телміре қарап отырған Мұратты түскі асқа шақырған қоңырау дыбысы ойын бөліп жіберді. Ішке үй қызметшісі кіріп Мұратты алып кетті. Ас бөлмесіне жету үшін қаншама бұрылыстар бар. Асбөлмеге жеткенде ата-анасы, тәтесі бәрі отыр екен. Мұрат өзінің күнделікті орнына барып жайғасты. Әңгіме арасында әкесінің туған ауылына баруды жоспарлағанын естіп қалды. Бұл әңгіме басталғалы анасының көңіл күйі жоқ. (Анам ауылды жақтырмайтынын бұрынан білетінмін!) Бұл сапарға асығыс шешім қабылдаған әкем ауылға ертең ерте шығатын болдық деп шешті. Жол онша ұзақ емес! Ауылға барар жолда кілең қалың қарағайлар өскен. Мұрат бірде бір рет ауылға сапар шегіп көрмеген. Онда не бар, не істейді, қандай тіршілік екенін ол білмейді. Өзінің ойынша қаладағы сияқты үлкен үйлер емес, кішкене қонақ үйлер бар деп ойлады. Айнала толған ағаш, жеміс-жидек, бау-бақша, үлкен супермаркеттер болмағанымен, кішкене көп дүкеншіктер. Әдетте ауылдар солай сипатталады ғой!? Бір кезде көлік кілт тоқтап, Мұраттың ойы бөлініп кетті. Олар ауылға жеткен екен! Бірден түскі астың үстінен түсті. Туысқандарымен амандасып болған соң, қол жуысып тамаққа отырды. Мұрат тамақты қолмен жеп көрмеген еді. Бәрі тамақты қолмен жейді, тек қана анасы, тәтесі және өзі қасықпен жеп отыр екен. Мұрат қасықты тастай сала қолмен жей бастады. Қасында отырған балалар бір қарап жылы жымиды да, опырып жеуге кірісті. Тамақ желініп, қол жуылып біткен соң балалар топырлап далаға шығып кетті. Мұратта артынша балаларға ілесе шықты. Мұрат далаға шыққан бойда тұрып қалды. Ауыл өзі ойлағандай емес екен, жер түгел топырақ, ар жағы егін, кей жерлері ғана шөпті. Мұрат балалардың артынан жүгіре жөнелді. Олар күні бойы ойын ойнады. Ойынға қызған балалар кеш батқанға дейін, күн ұясына кіргенше үй бетін көрмеді. Әбден кеш батқанда үйлеріне қайтты. Анар баласының әбден кір болып, терлеп кеткенін көрді. Ашуға мінген ол қатты ашуланды. Бірақ Мұратқа бұл ашу ойнауға кедергі бола алмады. Көп күні осылай өтті. Олар он күннен кейін қалаға қайтты. Мұрат сол баяғы терезе алдындағы қалпына қайта оралды. Бірақ бұл жолы қуанышты сәттерін ойлап отырды! 

Айдана Бекнұрова 12 жас
Алматы қаласы