Ұстазыма. Ең алғашқы ұстазым

/upd/2016/0523/146402091257432fb0b1af14.33700672.jpg

Білім нәрін санамызға құясыз,
Бойымызға тек ізгілік жиясыз.
Бәрімізге үйретесіз жалықпай,
Бар уақытыңызды біздер үшін қиясыз.

Ұстазыма мың алғыс,
Әріптерді танытқан.
Әліппені оқытып,
Жазуды да үйреткен.

Қожамбердина Аделя 4-сынып оқушысы 
Түркістан қаласы, Отырар ауданы, Балтакөл ауылы

Ең алғашқы ұстазым
Екінші анам - ұстазым, 
Маған сауат аштырған.
Көп жақсыны көрсем де,
Гүлжаһан апай бас тұлғам!

Қоштасар сәтте ойландық,
Қанша рет бiздер шаршаттық.
Зейнетке шығып барасыз,
Тілейміз сізге мол шаттық!

Куанышбаев Данияр 13 жас
Ақтөбе облысы, Темiр ауданы, Шубаршы кентi

Ұстазым
Жамандығын жасырып,
Жақсылығын асырып.
Жүретін менің ұстазым
Келеді оған ұқсағым.

Жәдігер Дана 5 жас
Атырау облысы