Мен қандаймын?! Аяулы анама

/upd/2016/0516/1463387159573984179a9680.61761480.jpg

Мен бұрын қарапайым да, әдепті, еш нәрсеге ашуланбайтын жасөспірім қыз едім. Ал қазір мүлдем танымастай өзгеріп кеттім. Өзімді тани алар емеспін. Тіпті, не үшін, неге өзгергенімді білмеймін. Айналамдағыларда маған бөтен көзқараспен қарайтын тәрізді. Сабаққа, мектепке де баруға хоршым жоқ. Бәлкім, адамның өсе келе мінезі өзгеруі мүмкін шығар. Бірақ, енді не болса да, өмірімді жаңа қырыннан тануға тырысамын! Барынша шатыспауға, ашуланбауға тырысамын.

Аяулы анама
Ана деген – әр баланың бақыты,
Өмірдегі қымбатың да, жақының
Асыл анам, сені ғана сүйемін,
Мен де сенің шаттығыңмын
Әр күнгі құрметтеймін, қадірлеймін, анашым.
Барлық жаннан өзің ғана дарасың.
Мен қуансам, қуанасың үнемі,
Мен мұңайсам, сен мұңайып қаласың.

Бурабай Венера 13 жас
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы