Амал - иманның бөлігі емес

       Сұрақ: Амал иманның бір бөлшегі ме? Яғни бір парызды орындамаған немесе бір күнә істеген адам кәпір бола ма?
      Жауап: Жоқ, кәпір болмайды. Амал иманның бөлігі болғанда күнә істеген адамдардың барлығы кәпір болар еді. Дүниеде мүлдем мұсылман қалмас еді. Өйткені күнә істемеу тек қана пайғамбарларға тән қасиет. Мутазила, уаххаби, сәләфи және кейбір адасқан топтағылар: «Амал иманның бөлігі» деген болса да, амал иманның бөлігі емес. Күпірліктің терісі – иман, ал күнәнің терісі – ғибадат. Иманды тәрк еткен адам кәпір болады. Ал амалды (ғибадатты) тәрк еткен адам күнәһар болады.
 
      Хадис шәрифте: «Растаған (сенген) нәрсесіне қарсы шықпаған адам кәпір болмайды» делінген. Күнә істеген адам өзі тасдиқ еткен (растаған) иманның шарттарына қарсы шыққан болып саналмайды. Ахиретте тек қана имансыздарға шапағат етілмейді. Бұл да шапағат етілетін күнәһарлардың кәпір еместігін көрсетеді. Хадис шәрифте: «Үлкен күнә істегендерге шапағат етемін» деп бұйырылды.
 
      Хазреті Әбуддәрда: «Йа Расулаллаһ, зина және ұрлық  жасаған адам да шапағатқа қауышады ма?» деп сұрағанда «Иә, зина және ұрлық жасаған адамға да шапағат етемін» деп жауап берді. Иманмен жан тапсырғандардың барлығы ертелі-кеш жәннатқа кіреді. Хадис шәрифтерде былай делінді:
 
      «Аллаһу та’алаға серік (ширк) қоспай өлген мұсылмандарға шапағат етемін.» (Бәззар, Хаким, Бәйһақи)
 
      «Зина жасаған, ұрлық  жасаған, ішімдік ішкен мұсылмандар да жәннатқа кіреді.» (Бұхари)
 
      «Жүрегінде зередей (титімдей) иманы болған адам тозақта мәңгі қалмайды.» (Бұхари)
 
      «Үлкен күнә істеген мұсылмандарға шапағат етемін.» (Нәсаи, Тирмизи)
 
      «Иманмен өлген күнәһарларға шапағат етемін.» (Бұхари, Мүслим)
 
      Сұрақ: Күнә істеген мұсылмандарға кәпір деуге бола ма?
     Жауап: Күнә істеген мұсылмандарға кәпір деуге болмайды. Өйткені, әһли сүннет сенімі бойынша адам күнә істеумен кәпір болмайды. Кейбір адасқан топтағылар күнә істеген адамға, өздеріндей ойламаған мұсылмандарға кәпір деп айтып адасуда. Хадис шәрифте былай делінеді:
 
      «Мұсылманға кәпір деген адамның өзі кәпір болады.» (Бұхари)
 
      Мұсылманмын деп “шәһадат кәлимасын” айтқан адамға кәпір делінбейді. Бір соғыста шәһадат кәлимасын айтқан біреуді өлтірген адамға пайғамбарымыз (алейһиссалам): «Кәлимаи шәһадат айтқан адамды не үшін өлтірдің?» дейді. Әлгі адам «Ол тілімен айтты, жүрегімен қабылдамады.» деді. Сонда пайғамбарымыз: «Сен оның жүрегін жарып көрдің бе?» деп оны жазғырды. Сондықтан мұсылмандарға кәпір деп айтудан сақтану керек.