Біздің сынып

/upd/2016/0516/14633862715739809fa1ff12.85595573.jpg

Мен 5 сыныпта оқимын. Мен бұл сыныпта 1 сыныптан бері оқып келемін. Барлық сыныптастарыммен достасып кеттім. Бір-бірімізге қиын жағдайларда көмектесеміз. Сыныбымыз ұйымшыл, жарыстарға белсене қатысады. Жүлделі орындарды алуға тырысамыз. Біз мұғалімдердің барлығын сыйлаймыз, әсіресе өзіміздің сынып жетекшімізді. Сынып жетекшіміз біздің екінші анамыз секілді болып кетті. Мен өз сыныбымды жақсы көрем. Менің сыныбымда 24 оқушы. Біздің жана мұғаліміміз Жаннұр апай. Біздің апай өте керемет. Біздің балалар апайды сыйлайды. Кейбір кезде апай келмей қалса уайымдаймыз. Біздің сыныпта көптеген талантты ұлдар мен қызда бар. Біздің сыныптағы Жанар өлең жазады, ал Дархан болса ертегі жазады және т.б балалардың талантары көп. Біздің сыныптың тең жартысы спортқа қатысады. Ал кейбіреулері сабақты оқығанды ұнатады. Біз жана мектепке келгенде жаңа мұғалімдерге үйренісе алмай жүрдік. Қазір үйрендік. Мен барлық пәндерді ұнатамын. Жаннұр апай келмей қалғанда, бізге Асель апай математикадан береді. Ол да жақсы апай. Кеше әдебиеттен ашық сабақ өтті. Ол сабақ ауған соғысынын ардагерлеріне арналған еді. Мен тоқсан аяғындағы демалыстарда,жаз айларының демалыстарында, сыныптағы достарымды өте қатты сағынамын! Мектеп, сынып – менің екінші үйім!
Менің сыныбым ақылды,
Әдепті де көрікті.
Айтқандарын ұстаздың,
Орындаймыз бұлжытпай.
Біздің сынып осындай!

Рамир 11 жас
Ембі қаласы