Достық алаңы

/upd/2016/0502/1462182183572721272f79f5.81820067.jpg

Ерте, ерте, ертеде, бір тату-тəтті ел болыпты. Ол елде тек жануарлар тұрыпты. Сан алуап жануарлар бірлігі адамды өзіне баурай түседі екен. Ол елдің патшасы да аң патшасы-арыстан болыпты. Арыстан мейірімді, ақылды, тату болыпты. Ол ешқашан өзін патшамын деп меңменсімепті. Керсінше сол аңдармен ойнап, ақыл-кеңес айтып, елдің бірлігін нығайтып ұстапты. Бір күні бұл елде сайыс өтіпті. Ол əрине достық алаңында өтіпті. Барлық аңдар өз өнерлерін ортаға салыпты. Сөйтіп бəрі қызыққа батыпты. Аюлар билесе, қояндар сəбіз жеуден жарысып, маймылдар ағаштан ағашқа секіріп бір бірінің қолдарына секіріп неше түрлі іс қимыл көрсетіпті. Сөйтіп жүргенде бас жүлдені Дино деген аю жеңіп алыпты, ал екінші орынды ағайынды маймылдар Гепардо мен Депардо жеңіп алыпты. Осылай олар тату-тəтті ойнапты.

Қазтай Меруерт 12 жас
Өскемен қаласы