Отбасы тәрбие бастауы, Рахмет, саған анашым

 

/upd/2016/0502/146218185057271fda172254.77114549.jpg

Отбасы шағын мемлекет
Жаратқан оны құдірет
Әке,ана балалары
Неткен нағыз керемет!

Молбай Ұлжан 10 жас
Жаңаөзен қаласы

Рахмет, саған анашым
Ана – қадірлі, жақсы сөз. Біз дүниеге шыр етіп келген кездегі бірінші сөзіміз – ана. Ана бізге жарық дүниені сыйлады. Ана бізге ақ сүтін беріп аялады. Сен, ана, бақыттысың, бақыттысың. Қадірлімсің, ардақтымсың, қамқоршымсың. Өмірдегі қадірлі сөз «ана» деген. Біліп ал, бөбектерім сендер мұны. Мен анамды өмір бойы сыйлап өтем. Анашымның әр сөзін есіме сақтап жүремін. Өмірдегі ең қымбат жандары. Білмейсің олардың қанша уақыт қалғаны, жалғанда жұмақ ата-ана астында. Кілті жұмақтың ана аяғының астында, олар – мен үшін өмірдің мәні. Жанын беруге де дайын, болмасын күмәнің. Қазақта бір мақал бар. Ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Ана бізді 9-ай, 9-күн көтерді. Оның ақ сүтін өтеу парыз. Ананы Меккеге де арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмаймыз. Ананың үстіне алтын құйсаң да ақ сүтін ақтай алмаймыз. Рахмет, сізге анашым!

Қызжібек 11 жас
Жаңаөзен