Менің сыныбым

/upd/2016/0428/14618347275721d3e7ee3516.19297596.jpg

Мен Казталовка ОЖББ мектебінің 3"а"сыныбында оқимын. Сынып жетекшіміз – Қырмызы Камақызы. Біздің сыныпта 19 оқушы. Соның 12-сі ұл, 7-еуі қыз. Біздің сынып ұйымшыл,үлгілі. Түрлі байқауларда үнемі жүлделі орындарға ие боламыз. Сыныпта өнерлі оқушылар көп. Адамбек пен Дина – керемет әншілер. Наргиза – мың бұралған биші. Зухра – өлеңді мәнерлеп оқудың нағыз шебері. Әмір – болашақ чемпион. Ерасыл – үздік оқушы. Мен де жақында "Көркем жазу" байқауынан бас жүлде иегері атандым. Міне, менің сыныбым осындай! Біздер болашақта әлі талай жеңістерге жететінімізге сенімдімін. Достар, сендердің сыныптарың қандай жетістіктерге қол жеткізді? Өнерлі сыныптастарың туралы не айтар едіңдер?

 

Бисебайұлы Санжар 8 жас
БҚО Казталов ауданы