Менің есімім

/upd/2016/0428/14618335665721cf5e535d46.55011175.jpg

Барлық ата-аналар сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Ата-ана баласына ат қоярда он ойланып, жүз толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді қояды. Менің есімім – Шұғыла. Мен Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Күйкен орта мектебінің 4 сыныбында оқимын. Менің есімімді анам қойған. «Шұғыла» сөзінің мағынасы «шапақ, арай, күннің нұры» дегенді білдіреді. Биші, әрі әдемі апамыз Шұғыла Сапарғалиқызындай мың бұралған биші, сұлу қыз болсын деп қойған. Мен ата-анамның арманын орындап, осы есімге лайықты қыз боламын деп ойлаймын. Есімім өзіме ұнайды. Осындай әдемі есім қойғаны үшін ата-анама ризамын.

Шұғыла Икенова 10 жас
Бейнеу