Қырық өтірік

Менің досым құрт, үйі бұлт
Мен де бұлтта тұрсам таңқалмайды жұрт.
Біздің тас ұйқыда жатыр,
Шөпті суға батыр,
Шөп ұйықтамай қалады,
Ол гүлден тамақ алады.
Бқл азықты барлық қасқыр талады,
Бізге қарай күн жүгіріп барады.
/upd/2016/0426/1461647775571ef99f5373b5.90619279.jpgАл қой жәй ғана қарады.
Әй, қой бәрекелді жарады.
Мен ғарышқа атпенен жүгіріп барамын,
Ол жерден гүлдерді мен табамын,
Ғарыштан таза ауа аламын.
Ауаны жерге әкелемін.
Бұнымды шындық дер едім.
Қоян қасқырды жепті,
Оған тышқан кепті,
Қасқыр тіріліп кетті,
Қоян ет үшін бақырды,
Тышқан жануарларды қонаққа шақырды,
Ешкі жылқыны тепті,
Бұзау арқарды жепті,
Тышқан мысықты қуды,
Мысық қорыққаннан ішіп қойды уды.
Жылан аяқпен жүгірлі,
Қоян Құлақпен секірді,
Сенгіземін мен кімді?
Арқар өзенде жүзді,
Балық тауда жүрді,
Ара қонды інге,
Қасықтар көбейді інде,
Кімге бал ұнайды?
Ара кімнен бал сұрайды?
Ешкімде бал жоқ болса,
Ара қатты жылайды,
Ешкімде осының бәрін
Өтірік деп құрмайды.

Шәріпбекова Меруерт 11 жас
Жаңаарка