Асхаби кирам (Сахабалар)

      Пайғамбар алейһиссаламның мүбәрәк жүзiн көрiп оның қасиеттi сөздерiн есту абыройы нәсiп болған мұсылмандарға Асхаби кирам делінедi. Пайғамбарлардан кейiн туылған және туылатын адамзаттың ең қайырлысы және ең мәртебелiсi алғаш халифа болған кісі Әбу Бәкiр Сыддық (радыяллаһу анһ). Одан кейiн адамдардың ең жақсысы екiншi халифа Фаруқ-и азам Омар бин Хаттаб, сонан кейiнгi адамзаттың ең жақсысы және Расулуллаһтың үшiншi халифасы иман, иффет (ұят) және бiлiмнiң қайнар көзi хазiретi Осман бин Аффан (радыяллаһу тағала анх), одан кейiн адамдардың ең жақсысы, төртiншi халифа, таңқаларлық ерекшелiк иесі, Аллаһу та’аланың арыстаны Әли бин Абу Талиб (радыяллаһу анһ). Пайғамбарымыз алейһиссаламның хадистерiнде айтылуынша, хазреті Фатима, хазреті Айша, хазреті Мәриям және хазреті Асия дүниедегi әйелдердiң ең жақсысы. Қасиеттi хадисте: «Фатима жәннәт әйелдерiнiң ең қайырлысы. Ал Хасан мен Хусейн де жәннәт жастарының ең құрметтісi»- делiнген.
 
      Бұлардан кейiн сахабалардың ең жақсысы (Ашара-и мубашшара), яғни тірі кезінде жәннәтқа кiруге сүйінші берілген он адам. Олар: хазреті Әбу Бәкiр Сыддық, Омар Фаруқ, Осман бин Аффан, Әли бин Абу Талиб, Әбу Убәйда бин Жарраһ, Талха, Зубейр бин Аввам, Сад бин Әбу Уаққас, Сад бин Зайд және Абдуррахман бин Ауф (радияллаһу та’ала анһум ажмаин). Кейiн Бәдiр соғысында, Ухудда, одан кейiн Бейат-и Ридуанға қатысқандар келеді.
 
      Расулуллаһтың жолында жандарын, малдарын пида етiп, оған көмектескен сахабаларды құрметпен ауызға алуымыз бізге уажіп. Олардың ұлылығына жараспайтын сөздер айту мүлдем жаиз болмайды. Расулуллаһты жақсы көретiн адам, оның асхабының бәрiн де жақсы көруi керек. Пайғамбарымыз хадисiнде: «Асхабымды жақсы көретiн адамның оларға деген құрметі, менi жақсы көргенi үшiн, оларды ұнатпағандар, менi жаман көргені үшін ұнатпайды. Кiмде-кiм оларды ренжiтсе менi ренжiтедi. Менi ренжiткен де Аллаһу та’аланы ренжiткен болады. Ал Аллаһу та’аланы ренжiткен адам, сөзсiз азапқа душар болады»- деген. Басқа бiр хадисте: «Аллаһу та’ала менiң үмметiмнен бiр құлына жақсылық қаласа, оның жүрегiне асхабыма деген сүйiспеншiлiктi орналастырады. Олардың бәрiн өз жанындай жақсы көредi»,- дедi. Пайғамбарымыз қайтыс болған күнi Мәдина қаласында 33 мың сахаба бар едi. Сахабалардың толық саны 124 мыңнан аса едi.