Адамдарды қуанту

         Хадис шәрифтерде былай делінеді:
 
        «Аллаһтың алдында ең құнды амал мұсылманның қарызын өтеу немесе қиыншылығын кетіру арқылы оны қуанту болып табылады.» (Табарани, Байхақи, Әбушшәйһ)
 
        «Ең құнды амал бір мұсылманның айыбын жабу, қарнын тойғызу немесе бір қажеттілігін қамтамасыз ету арқылы оны қуанту болып табылады.» (Исфахани) 
 
        «Парыздардан кейінгі ең құнды амал мұсылманды қуанту болып табылады.» (Табарани)
 
        «Бір мұсылманды қуантқан адам мені қуантқан болады. Мені қуантқан адам Аллаһтың алдында бір ахид алған болады. Аллаһтан ахид алған адамға от мүлдем тимейді.» (Әбушшәйһ)
 
        «Дін бауырын қуанту секілді Аллаһтың  алдында қадірлі іс жоқ.» (И. Нәжжар)
 
        «Барлық нәрсенің бір кілті бар, жаннаттың кілті кедейлерді қуанту болып табылады.» (Ибн Лал)
 
        «Бір мұсылманды қуантқан адам қабірімде мені қуантқан болады. Мені қуантқан адамды Аллаһу та’ала қияметте қуантады.» (И. Нәжжар)
 
        «Аллаһу та’ала бір мұсылманның қиыншылықтарын кетіріп, оны қуантқан адамды қияметте ең қиын кездерінде қиыншылығын кетіреді.» (Нәсаи)
 
        «Жаннаттағы қуаныш сарайына тек балаларды қуантқан адам кіреді.» (И. Ади, И. Нәжжар)
 
        «Бір адам мұсылман бауырын қуантқанда бір періште бұл адамға үнемі дұға етіп тұрады. Өліп қабірге қойылғанда жанына келіп “мені танисың ба?” дейді. Өлі “жоқ” дегенде “мен сенің бір мұсылманға берген қуанышыңмын. Бүгін сені қуанту үшін келдім. Қабірде жаныңда боламын, қияметте де саған шапағат етіп жаннаттағы мекеніңді көрсетемін” дейді.» (И. Әбиддуния)