Су-и зан (жаман күмәнде болу)

       Істеген күнәларының кешірілмейтінін ойлау Аллаһу та’ала жайлы суи зан, яғни

жаман күмәнға бару болып табылады. Мұсылмандардың барлығын харам істеуші, фасық

деп ойлау да су-и зан болады. Су-и зан ету харам. Бір адамның харам істегенін біліп, оған басқаша қарау су-и зан болмайды. Бұл Аллаһ үшін жек көрушілік (буғзи филлаһ) болады. Дін бауырының бір айыбын көргенде оны жақсы себептерге байлап ақтауға тырысу керек. Оны түзету керек. Жүрекке келген, көңілден өткен іс, ой дереу су-и зан болмайды. Жүректің сол жаққа сырғуы, бейімделуі су-и зан болады. Олай болса, қандайда бір өзіне ұнамаған нәрсені көргенде әлі түпкі мән-жайын білмей тұрып дереу жаман ойға бару, жаман күмәндарға берілу кісіні күнәһар етеді. 
 
      Хужурат сүресінің 12-аятында: «Ей, иман келтіргендер! Тым күмәншіл болудан сақтаныңдар. Кейбір орынсыз күмән нағыз күнә саналады.» Хадис шәрифте: «Суизан етпеңдер. Суизан қате шешімге себеп болады. Адамдардың жасырын нәрселерін іздемеңдер, кемшіліктерін көрмеңдер, тартыспаңдар, хасет етпеңдер, бір-бірлеріңе дұшпандық жасамаңдар, бір-бірлеріңді ұрыстырмаңдар, бауыр сияқты жақсы көріңдер. Мұсылман мұсылманның бауыры. Оған зұлым етпейді, жәрдем береді. Оны өзінен төмен көрмейді» деп айтылған.
 
      Хадис шәрифте: «Аллаһу та’алаға хусни зан (жақсы ойлау) етіңдер» деп бұйырылған. Зүмәр сүресі 53-аятында: «Ей, күнәһар пенделерім! Жаратқанның рахымынан түңілмеңдер! (Қаласа) Аллаһу та’ала, сөз жоқ бар күнәні кешіреді. Аллаһтың өте жарылқағыш әрі өте мейірімді екені даусыз» делінген. Шарттарына сай тәубе етілгенде, әр түрлі күпірді және әр түрлі күнәні күмәнсіз кешіреді. Қаласа күпірден басқа күнәларды тәубесіз де кешіреді. Хадис құдсиде: «Құлым Мен жайлы қандай күмәнде болса, Мені қалай ойласа, оған ойлағаны сияқты боламын» делінген.
 
     Бір хадис шәрифте былай делінген: «Қиямет күні, Аллаһу та’ала бір құлының Жәһаннамға тасталуын әмір етеді. Жәһаннамға алып бара жатқанда, әлгі құл арқасына қарап, Йә Рабби! Дүниеде саған әрқашан хусни зан еттім дегенде, оны Жәһаннамға алып бармаңдар! Құлымды, маған болған ойы сияқты қарсы аламын дейді.»

nbsp;