Әлемдегі ең улы жеті жануар

Улы бақа - ол ешкімді шақпайды және тістемейді. Бірақ оның уы батрахоносин деп  аталатын ең қауіпті удан да 250 есе күшті және барлық денеге таралады. Оны ұстаған адамның денесі жансызданып қалуы мүмкін. Егер абайсыздан жұтып қоятын болса, адам бір минутқа жетпей өліп кетеді. Ұзындығы небәрі 2 см болатын кішкентай ғана сарғыш келген ағаш бақасы Америка құрлығының Колумбия аймағындағы ормандарда тіршілік етеді. Қолмен ұстап көргенде терісінің үстіндегі 400 түрлі сілтілік у теріге таралады. Егер у қанға араласса, адам бір минутқа жетпей өліп кетеді. Бір ғана құрбақаның үстіндегі у 30 мың тышқанды немесе 150 адамды улай алады.

2. Жапония сегізаяғы - көк сақиналы сегізаяқтың уы тетродотоксин уынан 10 мың есе улы және жанды денені үш минутта өлтіреді.

3.Кубомедуза жанды денені бес минутта өлтіреді. Үнді және Тынық мұхиттарында кездеседі. 

 

4.Ең улы тайпан жыланы Тайпан (Oxyuranus Microlepidotus) бір шаққандағы уы 100 адамды өлтіре алады. Австралияда тіршілік етеді. Кобрадан 100 есе, қара мамбо жыланынан 50 есе күшті улы жылан.

 

5.Ең улы лейурус сарышаяны Ұзындығы 5-6 см, Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста тіршілік етеді. 1 мг уы 15 мың тышқанды өлтіреді. Адамды бір сағатта өлтіреді.

 

6.Ең улы өрмекші Сиднейлік лейкопаутинды өрмекші (Sydney funnel-web) Австралияда тіршілік етеді. Дене тұрқы 3-4 см, 1 мг уы 10 мың тышқанды өлтіреді. Адамды бір сағатта өлтіреді.

 

7. Ең улы кесіртке Аризона улы кесірткесі (Halodurma Suspectum) Мексика мен АҚШ-тың Аризона штатының құрғақ және шөлді далаларын мекендейді. Адамды шаққанда дер кезінде медициналық көмек көрсетілмесе, өліп кетуі мүмкін.