Қымыздың пайдасы

/upd/2016/0321/145856614856eff4042fadc5.06973959.png

Арудан асқан жан бар ма, Жылқыдан асқан мал бар ма? Биенің сүті сары бал, Қымыздан асқан дәм бар ма? – деп, Ақтамберді жырау жылқының халық өміріндегі алатын орнын өте жоғары бағалаған. Қымыз – көптеген ауруларға ем. Қымыздың құрамындағы «С» дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанды он есе көп. Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге ішуді ұсынады.Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Қан айналымы мен жүрек соғысы жақсарады. Қымыз құрт ауруларының алдын алады, ауырған адамның қайта қалпына келуіне жақсы ықпал етеді.Сал ауруының, іш қатудың алдын алады. Ашығудан кейін қымыз ішу өте пайдалы.

Жолдаған: Қайырова Аяулым Ерболқызы 9 жас
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылы
А.Құсайынов атындағы ЖОББМБ 4-сынып оқушысы