Қыс. Ұстазыма. Достар

Қыс
Қыс келбеті әдемі
Айналаның бәрі аппақ
Аязы бар, бораны бар,
Қар жауады жапалақтап.

Ұстазыма
/upd/2016/0321/145857858256f02496b237e4.63465286.gifМейірімді ұстазым,
Келеді сізге ұқсағым
Шуақ шашқан жүзіңіз
Қуанышқа толсын күніңіз!
Жақсылықты үйреткен
Жаман істен жиренткен
Шәкіртіңбіз біз мәңгі
Шын жүрекпен, тілекпен!

Достар
Достар, достар, жан достар!
Ақкөңіл, адал, құрдастар,
Сендер барда әрдайым,
Айналам бақыт табыстар!
Көңілімізді көтеріп,
Жүрейікші бір достар!

Қадимова Мөлдір 10 жас
Батыс Қазақстан облысы