Табиғат тынысы

/upd/2016/0123/145356972956a3b6c1cd24c1.87781926.jpg

      Табиғат – тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі . Адамсыз табиғат , табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Табиғаттың сырын қазіргі кезге дейін ғалымдар зерттеуде. Қазақтар жұлдыздарға қарап бағыт бағдарды болжаған. Табиғат біздің сыраушымыз,байлығымыз,күнделікті тынығатын сарайымыз. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін - асыл ана. Өйткені адам баласы табиғатта,тіршілікте өсіп-өніп, жетілген. Қажетін алып, өз пайдасына жаратқан. Табиғаттың сырын білмей, қалай болса солай пайдалану ойға қонымсыз. Өйткені оның салдарынан табиғат байлықтары кеми түседі. Қазіргі таңда табиғаттың ластануы үлкен, аса зор мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғат – сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына ,көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап,ластануда соның салдарынан адам өміріне өте қауіпті жағдай тудыруда. Бұл бағыттар мектептегі тәрбие жұмысына еніп, даланы тазарту қажет. Табиғат біз киетін киімді, оқитын кітапты, тамақтанатын тағамды, ас дақылдарын және басқа да қажетті керек жарақты табиғаттан аламыз. Табиғаттың зардаптарына жол бермеу үшін табиғатты қорғауымыз керек. О, далам, менің байтақ далам, деп өлең айтамын. Ұлың боп ойлап барам да, Құлын боп ойнап қайтамын!

Жолдаған: Ашірмет Арайлым 9 жас
Кентау