Телефонмен сөйлесу әдебі

»   Телефон шалған адам алдымен өзін таныстыруы, кім екенін айтуы керек,

содан кейін кімді іздегенін айтуы керек.


»   Телефон шалған адам тұтқаны бірінші қоюы керек.


»  Телефон қысқа әрі нұсқа сөйлесулерге арналғандықтан ұзақ уақыт әңгімелесу жақсы емес.


»  Үйге беймезгіл уақытта (өте ерте немесе өте кеш) телефон шалуға болмайды.


»  Жұмыс орнына телефон шалғанда қысқа әрі нұсқа сөйлесу керек, жеке шаруаларға тоқталып ұзақ әңгімелеспеу керек.

 
»   Бір жерге телефон шалып, оғаш дауыстар шығарып: «Тапшы ал, мен кіммін?» деген сияқты сұрақтар қоймау керек.


»   Іздеген адам орнында болмаса, тұтқаны көтерген адамға есім және телефон номерді қалдыру керек. Біреу сізді іздеген болса, ертерек сол кісіге хабарласу керек. 


»   Өте қатты, жоғары дауыспен сөйлесу әдепсіздік болып саналады.