Имам Ағзам Әбу Ханифа

      Әһли сүннеттің амалдағы төрт мазһабінің бірі болған Ханафи мазһабінің құрушысы болып табылады. Мутлақ мүжтахид болып табылады. Есімі Нұғман. Әкесі Сабит хазреті Әлимен кездескен, тегі үшін батасын алған. Әбу Ханифа нағыз мұсылмандардың әкесі деген сөз. Әйтпесе, оның Ханифа деген қызы болмаған. Хижри 80-150, милади 699-767 жылдары аралығында Куфа мен Бағдатта өмір сүрді. Бағдатта шәйіт болды.
      Алдымен Имам Шабиден кәлам және муназара ғылымын үйренді. Сосын Хаммад бин Әбу Сүлейманнан фиқһ үйренді. 28 жыл сабағына қатысты. Бір жағынан адамдардың сенімін бұзатын қате топтармен күресті. Даһри деген атеисттермен, шиит, мутазилә секталарымен күресіп, әһли сүннет сенімін таратты. Фиқһ ғылымын бөлімдерге бөлді.
      Сахабалардан Әнес бин Маликпен бірге бес адамды көру бақытына ие болды. Әһли бәйттен Зейд бин Али және Мұхаммед Бақырдан білім алды. Сопылық ғылымды Жафер Садықтан алып, жоғары дәрежелерге көтерілді. Фиқһтағы терең білімін және қиястағы ғылымын, тақуалығын көрсететін кітаптар өте көп. Ханафи мазһабі Осман мемлекеті кезеңінде жан-жаққа таралды. Бүкіл мұсылмандардың жартысынан көбі Ханафи мазһабі бойынша ғибадат жасайды. Имам Ағзамнан бір мәселе туралы сұралған кезде шығарған үкімін ұстаздарына айтатын. Олар келіспейінше жауабын айтпайтын.
      Куфа мешітінде сабақ берген кезінде мың шәкірті оның барлық сабағына қатысатын. Бір мәселеге шешім тапқан кезде шәкірттеріне айтатын. Барлығы келіссе «әлхамдулиллаһ» деп, шәкірттеріне «мұны жазыңдар» дейтін.