Чипс жейтін балалар

/upd/2015/1205/14493083885662b0e4185a17.67421581.jpg   Англияда Бристолс атындағы Университет тарапынан 14000 балаға жасалған зерттеуде чипстің орнына жеміс-көкөніс жейтін балалардың ақылы, зеректігі басымдау болатыны анықталды. Зерттеу нәтижесінде ғалымдар «Балаларыңның ақылды болуларын қаласаңдар картоп чипстері және пицалардың орнына жеміс-көкөністерді тұтыныңдар!» деп айтқан.  
   Зерттеуден жас кезінде құрамында шамадан тыс май, шекер және тұз бар азықтарды жейтін балаларға қарағанда, жеміс-көкөніс жеген балалардың зеректігі (IQ) 8 балл жоғары шықты. Pauline Emmett және Kate Northstone басшылығындағы ғалымдар мидың ең жылдам дамитын кезеңінде 0-3 жас аралығындағы балалардың салауатты, жүйелі түрде тамақтануы керектігін білдіруде. Northstone: «Ата-аналардың дұрыс тамақтануыдың маңызды екенін білулері қажет» деп мәлімдеді.