Теңіз жағасындағы емен

/upd/2015/1130/1448864696565bebb88e3844.61867847.jpg     Ерте, ерте, ертеде үлкен бір теңіздің жағасында жасыл емен ағашы болыпты. Теңізде саяхат жасаған адамдар осы жасыл еменнің көлеңкесіне келіп, демалып рахатқа бөленіпті. Өзге емен теңіздің жағасында жайқалып өспеген екен. Мына емен жалғыз өзі қалай өсіп шыққан деп адамдар таңданыпты. Саяхаттап келе жатқан бір қария: « Мына еменнің мына жерге бой көтеруін ай, жарық сүйгіш жарықтығым ай», -деп діңінің тілімделген жерін қабығын иіскеп көрді. Жанында келе жатқан жастау жігіт: «Таулы аймақтарда өсетін еменнің бұл түрі неге теңіз жағасына өсті екен?» деп сұрады. Арасында орта жас шамасындағы көрінетін жігіт: «бұл көпжылдық ағаш қой аса көп күтімді қажет етпес»-, деді. Саяхаттаушылардың ішінде нәзік келген ақ құба қыз: «жоооқ, менің ойымша, бұл ағаштың жағымды әсері көп, бойында бар сұлулық тұнып тұр, табиғаттың тылсым бір қасиеті бар»,- деді. Бұл қыздың жауабын құптағандай жанағы қария да басын изей берді. Бұл жасыл еменнің жапырағы өте ерекшеленіп, өзгеше көрініп тұрады екен. Адамдар жасыл еменнің өзіндік бір қасиеті бар екенін ұғады. Өйткені бұл адамдардың барлығын бақытқа бөлепті. Саяхаттап келгендерің барлығы жасыл еменнің жапырағын ұстаса олардың армандары мен мақсаттарын орындапты. Аллаһу та'алла да адамдардың ниетіне орай барлық мейірім шапағатын соларға төгіпті. Әсіресе балалар өте бақытты екен. Бір күні жасыл еменнің қасына саяхаттап барған Елбасын, өзімнің ата-анамды, туыстарымды, ұстазым мен сыныптастарымды өзімді көріп таңданып қалыппын. Менде көп ойланбастан теңіздің жанына жүгіріп келіп арманымды айтуға асығып, алтын балық сияқты тілегімді орындай ма екен бұл емен, деген ой мазалады. Бұл теңіздің жағасындағы жасыл еменге өз арман мақсатымызды айтып жатқанымызда, біреу келіп атымды айтып жұлқылағандай болды. Сөйтсем, ұйықтап жатып түс көріппін, бұл түсіме кірген ертегі екен.

Меллатова Алуа 9 жас
ШҚО Үржар ауданы
Мақаншы ауылы