Піл

        /upd/2015/1204/14492477475661c403232a67.49936112.jpgМен  құрғақ жер бетінде тіршілік ететін ең ірі сүтқоректі жануармын. Менің екі туысқаным бар: Африка пілдері және Азия пілдері. Негізінде екеуміздің де түп атамыз бес мың жыл бұрын жойылып кеткен – мамонттар пілі. Азия пілдері ортақ атамыз мамонттарға өте қатты ұқсайды. Өмір жасым да ұзақ. Табиғатта дұшпаным аз болғандықтан 60-70 жыл өмір сүремін. Жабайы жануарлардың маған бас салуға батылы жетпесе де, Африкадағы құрғақшылық мені өмірімнен бездіреді. Ең үлкен дұшпаным – тістерімді алу үшін мені аяусыз ұрып соғатын және тіршілік ететін ортамды бұзатын – адамдар. Мекендейтін өзіндік жер іздемеймін. Африка мен Азияның қалың ормандарында және ашық өлкелерінде тіршілік етемін. Бір пілдің отбасында 6 мен 12-нің аралығында піл болады. Қоршаған ортаның шарттары және әлеуметтік ортаға байланысты саны 20-ға дейін баруы мүмкін. Отбасының басшысы ұрғашы піл. Отбасы мүшелері көбінесі басшының қыздары. Еркек пілдер үнемі отбасында қалмай, өздері топ болып кетеді. Отбасында қиындық туса немесе құрғақшылықтың салдарынан аш қалу қауіпі төнсе, бірнеше топтарға бөлініп кетеміз. Қуанышымызды, қайғымызды, қорқынышымызды көздерімізден және іс-әрекеттерімізден білуге болады. Отбасымыздың бір мүшесімен ұзақ уақыттан кейін көріссек қуанышты шерулер өткіземіз. Егерде отбасымыздың бір мүшесін жоғалтатын болсақ қайғыру рәсімін жасаймыз. Жылаған пілдің баласын көрсек, бәріміз қынжыламыз. Есте сақтау қабілетіміз өте жақсы. Отбасы басшылары құрғақшылық заманында қайда барып, қалай су табу керектігін ешқашан ұмытпайды. Пілдердің жүктілік мерзімі өте ауыр болады. Аналары баласын толық 22 ай, яғни 2 жылға жақын қарнында тасиды. Әр туғанда бір ғана пілді дүниеге әкеледі. Жаңа туылған пілдің салмағы шамамен 100 килограмм болады. Баласы бірнеше жыл анасының қасынан айырылмайды. Тек қана 13-14 жасқа келгенде есейіп бөлінеді. Егер еркек болса отбасынан бөлек тіршілік етеді. Көру қабілетіміз өте жақсы емес. Адамдар сияқты алысты көре алмайсыз, бірақ иіс сезу және есту қабілетіміз жақсы дамыған. Адамдардың ести алмайтын төменгі жиілілік дыбыстарын естиміз және осы дыбыстармен хабарласамыз. Соның арқасында өте алыс қашықтықтағы бауырларымызға қауіп-қатерлерді естірте аламыз.