Әлемнің жаратылуы

/upd/2016/0608/14653764695757ded5558fe0.33908636.jpg«Әлем кездейсоқ пайда болды» деген тұжырымды ұстанатын батыстық ғылым адам-дарының бір бөлігі 1400 жылдық ұйқыдан ақыры оянды және Құран кәрімнен бастап діни кітаптардағы шындықты көрді. 24-ші Нобел Марапатына ие болған 60 ғалым, «Аллаһ алдымен әлемді, кейін адамдарды жаратқанын» қабыл етіп, Галилеоның тұжырымдарын түсіндіре алмағанын мойындады. TİME журналы, осы күнге дейін ай-тылған әртүрлі көзқарастар мен басқа басқа полюстерде болған ғалымдардың көзқарастары және діни кітаптардың түсініктемелері ең аз дегенде ортақ пікірде біріккендіктерін жазды. Атақты физиктердің бірі Хайнц Пагелс атеисттердің көзқарастарын келемеждеп былай деген: «Аллаһ адамның болмысын бір космостық код ішінде жасырын қылған.» Тағы бір атақты ғылым адамы Митчелл Уалдроп Аллаһ дүниені жаратқаннан кейін, оның үстінде өмір сүруі үшін адамды билеуші еткендігін «Complexity» атты еңбегінде жазған. Пенсильвания университеті Медицина факультетінің оқытушысы доктор Стюард Колфман бұл жайында былай деген: «Ақылым жеткен дәрежеме сай мынаны айта аламын: Адамның жаратылысы, адамның ақылы жетпейтіндей дәрежеде ұлы бір құбылыс.»