Бүкіл аурулардың басы

/upd/2016/0609/146545800857591d585f8095.96369737.jpg

Аллаһу та’ала адамды және бүкіл болмысты әлсіз, мұқтаж қылып жаратқан. Дене әр түрлі нәрселерге мұқтаж. Сырқаттанған кезде, ем қабылдауға мұқтаж. Аурулардың әр түрлі себептері бар. Бұлардың көбісі көп тамақ жеуден туындайды. Аз тамақ жейтін адамның денсаулығы жақсы болады. Оразаның адам денсаулығына тигізетін пайдасы сансыз көп. Бұлардың ішінен ең маңыздылары ретінде – бауыр және тамырларға қатысты пайдалары білдірілген. Бауыр – дененің орасан зор компьютерлермен жұмыс істейтін химиялық зертханасына ұқсайды. Бауыр, бір жағынан асқорыту үшін үлкен мәселе болып табылатын майларды сіңдіреді, ерітеді, екінші жағынан азықты сақтайды, қажеттілігіне қарай оларды таратады. Бұдан бөлек, бауыр денеге кірген микроптарға қарсы пайдалы у шығарады. Жілік майындағы (костный мозг) қан жасайтын жасушалар үшін, негізгі элементтерді дайындайды. Дәрумен (витамин) және гормондар мен қандағы йод тепе-теңдігін бауыр қамтамасыз етеді. Сол үшін бауыр жасушалары жиырма төрт сағат тоқтамай жұмыс істеуге мәжбүр. Көп жеу және көп ішу бауыр жасушалары үшін өте зиянды. Тынымсыз жұмыс істейтін бауыр жасушалары Рамазан шәриф айында, ораза ұстау арқылы демалып, тынығады. Осылайша бауыр, бір жыл көлемінде қуатты жұмыс істеу үшін мүмкіншілік табады. Қазіргі таңда жасалған медициналық зерттеулерде, жас кезінен бастап, жылда ораза ұстап жүретіндердің бауыр бұзылуымен байланысты мазасыздық көрмегендері анықталған. Оразаның бауырға, сонымен қатар тамырларға тигізетін әсері, адамды таң қалдырмай қоймайды. Тамырлардың ең үлкен дұшпаны – қандағы шамадан тыс нәрлі заттар мен әсіресе осы заттардың ыдыралмаған қалдықтары. Бұл қалдықтар кәріліктің, жүдеудің себебі ретінде көрсетілуде.