Қызықты ғылымдар

»  Желімдер (клей) материалдарды қалай жабыстырады?

     Желімдердің құрамындағы жабыстыратын заттар негізінде химиялық реакциялар болып табылады. Қазіргі таңдағы өндірушілер желімдерді синтетикалық материалдардан жасайды. Бір затты жабыстыру үшін ұқсас немесе екі түрлі материал және желім қажет. Бұл жердегі ең маңызды қызметті желім атқарады. Желім молекулалары екі материалдың молекулаларын жабыстыру арқылы өзара байланыстырады.    

 »  Радионың дауысын күшейткенде батареясы тез отыра ма?

      Батареямен жұмыс істейтін тасымалды радиолардың дауысын күшейту батареялардың өміріне зиян. Радио қосылғанда дауысы өшіріліп тұрған кезімен барлық дауысында тұрған кезіндегі айырмашылық батареялардың тез отыруына себеп болады. Дауысы толық шыққанда батареядан шығатын ағын 30 пайызға артады. Бұл жағдай батареямен жұмыс істейтін барлық радиолар, магнитофондар, плеерлер үшін бірдей.  

 »  Термос ыстықты ыстық, суықты суық күйінде қалай сақтайды?

       Бір ғана себеп – вакуум яғни бос кеңістік. Термос бір-біріне қапталған екі ыдыстан тұрады. Сыртындағы ыдыс металлдан, ішіндегі ыдыс әдетте шыны шөлмектен тұрады. Екеуінің арасында өндірушілер тарапынан қол жеткізілген толық болмаса да бір бос кеңістік (вакуум) бар. Вакуумды кеңістікте ауа малекулалары болмағандықтан жылу алмасу процесі болмайды, дене температурасын бір қалыпты ұстап тұрады. Ішінен сыртына, сыртынан ішіне жылу өтпейді. Осылайша термосқа құйылған сұйық зат ыстық болса ыстық, суық болса суық күйінде сақталады. 

 »  Бір апта неліктен 7 күннен тұрады?

       Бабилдықтар (Вавилон) жеті күннен тұратын аптаны уақыт бірлігі ретінде қолданған. Алғашқы кезеңнен белгілі болған бес планета, күн және айдың жеті санын құрауы жеті санды құпиялы әрі сәтті ретінде көрсететін. Кейіннен діндерде білдірілген жеті қат көктің болуы және табиғаттағы жеті негізгі түс жеті санының маңыздылығын арттыра түсті. Кейіннен Франция мемлекеті күнтізбені өзгертіп, апта күндерінің санын 10 күнге арттырса да, ұзаққа созылмады. Ресей 5 күндік апта күніне көшсе де, ол да ұзаққа бармады. Соңында қайтадан апта күні 7 күн болып сақталып қала берді. 

»  Неліктен ірі қонақ үйлерінің есіктері айналмалы есіктер?

       Айналмалы есіктердің бір ғана мақсаты – энергияны үнемдеу. Үлкен ғимараттардың ішін үнемі жылытуға тура келеді. Ашылған стандартты есіктерден ішке суық ауа тез кіреді және ауа алмасу салдарынан салқындатқыштар немесе жылу двигательдерін үнемі қолданып отыруға тура келеді. Әсіресе көптеген адамдар кіріп-шығатын қонақ үйлерде немесе осыған ұқсас ғимараттарда энергияны үнемдеу үшін айналмалы есіктер қолданылады. Себебі, айналмалы қанаттар суық ауаның сыртқа шығуына, ыстық ауаның ішке кіруіне бөгет болады.