Өрмекшінің торы

 

/upd/2016/0608/14653781135757e5417edc05.12524826.jpgӨрмекші торларының әрбірі сәулеттік және инженерлік өнердің ғажайып туындысы. Өрмекшінің торы – салмақты көтеретін жіп-жіңішке жіптерден және осы жіптердің үстінен жүргізілген спираль тәріздес жабысқақ, ұстап алатын жіпшелерден және тордың жіптерін бір-біріне біріктіретін байланыс жіптерінен құралады. Бір тор құрау үшін, өрмекшінің денесінде тігін фабрикасы сияқты жұмыс атқаратын тарақтардың, химиялық элементтерді өңдейтін лабараторияның және басқа да көптеген өндіруші ағзаның болуы қажетті. Барлық өрмекшінің денесінде, өте күшті қорыту секрециясын өндіретін мүшелер, ең сезімтал тербелістерді сезетін сезім мүшелері, у инъекциясын жасайтын мықты қысқыштар бар. Өрмекшілер, торларындағы тербелістерге қарсы өте сезгіш болып келеді. Өрмекшінің артқы екі аяғының міндеті – өндіріліп шығарылған жіпшелерді өру. Бұл аяқтарында жіпшелерді өруге қажетті ерекше тарақтары болады. Өрілетін жердің үсті жүздеген өру түтіктерімен жабылған. Осы түтіктердің көмегімен қарнындағы жібек бездерінен бөлінген сұйық жібек, дененің сыртына шығарылады да, жіпшелер күйінде өріледі. Өрмекшілер торларын, ауламақшы болған жәндігінің көлеміне қарай өреді. Өрмекшілер өздері үшін өте қадірлі болған торларын әдетте таса жерлерде құрады. Мұның себебі – жануарлар немесе табиғат құбылысы тарапынан тордың бұзылуының алдын алу.