Аяқтарыңды айқастырмаңдар

   /upd/2015/1007/14442133295614f251158b09.45732562.pngОтырған кезде көбінесе байқаусыз аяқтарымызды бір-бірінің үстіне айқастырып отырамыз. Алайда медицина мамандары мұндай күйде отырудың варикоз ауруына себеп болатынын айтуда.
Аяқтарды бір-бірінің үстіне шығарып айқастырып отыру қан айналымына бөгет болатындықтан варикоз ауруының пайда болуына себеп болады.
    Варикоз ауруының әсіресе әйелдер арасында қарқынды көбейіп келетінін мәлімдеген мамандар варикоз ауруының белгілерін былай түсіндірді:
    «Шаршау, ісінген және ауырласқан аяқтар, кешке жақын пайда болатын балтырлардағы ісіну сезімі, аяқтағы ыстықтық сезімі, қасыну, сіңір тартылуы және созылуы, балтыр аурулары, білек немесе буындардағы ісінулер, капилляр қызыл және көк түстегі варикоздар.»
 Аяқтардың саулықты болуы үшін мүмкіндік барынша көп әрекет етілуі, әсіресе аяқ бұлшық еттерінің демалыстарда, көліктермен ұзақ жол жүру кезінде машинадан түсіп жаяу жүру керектігі, мүмкін болса аяқтарды күніне ең аз дегенде 20-30 минут жоғары көтеріп жату керектігін айтылды. Сондай-ақ мына маңызды ескертулер мәлімденді:
    «Ыстықтан сақтаныңдар, аяқтарды салқын ұстап, жазда салқын сумен душқа түсіңдер, аяқтарыңды айқастырып отырмаңдар. Бұл әрекет қан айналымына бөгет болады. Биік өкшелі және тар аяқкиім кимеңдер. Күнделікті азыққа да мән беріңдер.»