Тамақпен бірге шай ішпеңдер!

/upd/2015/1007/14442115625614eb6a844964.25315764.png

     Ғалымдар шай, кофе және сүтті тамақтан кейін ең аз 45 минут өткеннен соң ішу керектігін айтады. Тамақтың артынша немесе тамақпен бірге ішілетін шай, кофе және сүт ферум (темір) аздығына, (яғни анемияға) себеп болуы мүмкін.  Тағы бір маңызды жайт, бесіктегі нәрестелермен жеткіншек жастағы балалар организмінің өсуінде де ферумның (темір) аса қажетті элемент екендігі. Біз тамақтану дағдымыз арқылы темірдің денемізге сіңуін арттырып, азайта аламыз. Мамандар: «Шай ішпеңдер демейміз әрине. Шайды тамақтан 45 минут өткеннен кейін ішкен жақсы. Лимон қосып ішу де өте пайдалы. Сондай-ақ сүтті де тамақтан 45 минуттан кейін ішкен жақсы болады. Өйткені сүт те темірдің денеге сіңуін азайтатын фактор» дейді.
   Анемияның алғашқы белгісінің әлсіздік пен тез шаршау екенін айтқан мамандар: «Кейін бас ауруы, бас айналуы сияқты белгілері шығуы мүмкін. Оттегіні қанда алып жүретін гемоглабин азайғандықтан жүрек бұны жеткізу үшін көп еңбек етеді, тіпті жүректің үлкеюі және жүрек жетімсіздігі сияқты белгілер пайда болуы мүмкін» деп мәлімдейді.
    Тамақты ыстық шаймен ішуге дағдыланғандар тамақтану кезінде шайдың орнына жылы су тұтынса болады. Сондай-ақ темірдің ағзаға сіңуін арттыру үшін С витамині тұрғысынан бай азықтарды тұтыну маңызды екен. Мысал келтіру керек болса, таңғы асты ішер кезде шайдың орнына апельсин шырынымен ішу немесе құрамында с витамині бар салаттармен бірге жеу де денеге темір элементінің алынуын арттырады.