Тіл мәртебесі

/upd/2015/0929/1443547425560ac9218ace61.62824826.gif

"Өлең" десе, шабыт келіп, тербелемін,
Шумақтарды алдыма өңгеремін.
Ішім ашып, толқыным аласұрса,
Қазақ тілім сенімен емделемін.
"Тілім" қанша жерге сенделгенде,
Туған тілді менсінбеген сен бе, мен бе?
Тәтті өтірік "патриотпыз" өмірдегі,
Бір қамығам, ой түбіне тербелгенде.
Бабаларым "сақта" деп бізге сенген,
Орыс тілі қазаққа қайдан келген?!
Ана тілдің орынын бас алмайды,
Қашанда әділеттік туы жеңген.
"Қазақпын" деп қанша жан мақтанады,
Сөз сөйлесе, қоржынын ақтарады.
Сырты бүтін, іш жағын ойламастан,
"Давай" деп орысшаға сап қалады.
Басымыздың бағы ол – ана тілің,
Ол болмаса, шырағың сөнетұғын.
Ей, пенделер, тіл кұдіретін түсініңдер,
Тіл болмаса, қара бұлт төнкетұғын.
Айтсаң да қанша жерде бетке басып,
"Әрине" деп құр сөзбен жеңетұғын.
Жасырсақ кемшілікті білесіңдер,
Ауруын жасырған өлетұғын.
Аллахтан басқа пенденің қорғаны кім?
Бір мәселе қозғады бүгін қызың.
Көтерілсе биікке мәртебесі,
Шегі болар қызыңның арманының.
Қамалдай боп, тату боп, бұзылмайық,
Басқа тілдің түсіп кетіп арбауына.
Таң қалсын, бүкіл әлем бірлігіңе,
Ойлайық тілдің жерге қалмауын да.

Жолдаған: Ғалбиат Тұнық 16 жас
ШҚО, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы