Судың пайдалы қасиеттері

/upd/2015/0824/144040722355dadeb7f36b97.52585105.jpg

     Өмірде сусыз тіршілік жоқ. Судың адам ағзасына пайдасын білу – міндет. Адам денесінің 70 пайызы судан тұрады. Кез келген адам күніне 1,5-2 литр таза су ішуі керек. Судың жетіспеушілігінен дененің кейбір функциялары баяулап, адам ауруға шалдыға бастайды. Су – негізгі энергия көзі. Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі. Жасушаларды бір-бірлеріне байланыстыратын желім. Иммунитет жүйесінің негізін құрайтын жілік майының түрлі ауруларға қарсылығын күшейтеді. Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші. Азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады. Азықтарға энергия беріп, құрамындағы элементтердің ағзаға сіңуі кезінде бұл энергияны денеге таратады.
    Сусыз желінген азықтың денеге тигізетін пайдасы өте аз болып табылады.
Өкпедегі оттегін тасымалдайтын қызыл қан жасушаларының жұмыс өнімділігін арттырады. Жасушаларды оттегімен қамтамасыз етіп, қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды. Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді.
Буын қуыстарын негізгі майлаушы зат болып табылады. Омыртқадағы дискілерді жұмсартқыш су көпшіктеріне айналдырады. Ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етіп, іш қатудың алдын алады. Жүрек ауруы мен сал болу (параллич) ауруынан сақтайды. Тері жасушаларын ылғалдандырады және сауықтырады. Стресс пен депрессияны басады. Ұйқыны жөнге келтіреді. Шаршағанды кетіреді. Теріні жұмсартады. Көздерге жанар береді. Инфекция мен рак ауруына қарсы иммунитетті күшейтеді. Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануын алдын алады. Салмақ тастаудың ең оңай жолы – су ішу. Үнемі су ішіп, диетасыз азуға болады. Қарын ашқанда көп тамақ жемеу керек. Бірақ шөлдегенде мол су ішкен дұрыс.