Маңызды сұрақтар мен жауаптар

-   Өте бай болу үшін не істеу керек?
-   Қанағатшыл болған адам, адамдардың ең байы болады.
-   Ең қайырлы (жақсы) адам болу үшін не істеу керек?
-   Адамдарың ең қайырлысы адамдарға пайдалы болғаны.
-   Ең әділетті болу үшін не істеу керек?
-   Өзі үшін қалағанын, басқалар үшін де қалаған, адамдардың ең әділеттісі болады.
-   Аллаһтың ең хас (жақсы) құлы болу үшін не істеу керек?
-   Аллаһты көп зікір етіп еске алған адам Аллаһтың ең хас құлы болады.
-   Кәміл иманға қауышу үшін не істеу керек?
-   Жақсы мінезді болу керек.
-   Ахыретте нұр ішінде тірілгісі келген адам не істеуі керек?
-   Ешкімге зұлымдық жасамаған адам ахыретте нұр ішінде тіріледі.
-   Күнәлары азаюы үшін не істеу керек?
-   Истиғфар (астағфируллаһ сөзін) айтып күнәларының кешірілуі үшін Аллаһқа жалбарынған адамның күнәлары           азаяды.
-   Ризықтың көп болуы үшін не істеу керек?
-   Тазалыққа мән беретін адамның ризығы көп болады.
-   Аллаһу та’алаға және пайғамбарымызға жақсы көріну үшін не істеу керек?
-   Жақсы көріну үшін, олардың достарын жақсы көру, дұшпандарын жаман көру керек.
-   Аллаһтың ғазабынан (ашуынан) құтылу үшін не істеу керек?
-   Ешкімге ашуланбайтын адам Аллаһтың ғазабынан құтылады.
-   Дұғалардың қабыл болуы үшін не істеу керек?
-   Харамдардан ұзақ болған адамның дұғалары қабыл болады.
-   Адамдардың жанында масқара болмау үшін не істеу керек?
-   Намысын қорғаған, пәк болған адам, адамдардың жанында масқара болмайды.
-   Айыптардың (кемшіліктердің) жасырын қалуы үшін не істеу керек?
-   Дін бауырының айыптарын жапқан адамның айыптарын Аллаһу та’ала жабады.
-   Күнәларды не кештіреді?
-   Көз жастары және аурулар.
-   Ең қадірлі жақсы амал?
-   Жақсы мінез, қарапайымдылық, бәлеге сабыр және қазаларға разылық...
-   Ең үлкен күнә қандай?
-   Жаман мінез.
(Берілген жауаптардың барлығы Хадис шәрифтерден алынған)