Күпірлікке апаратын жағдайлар

      Исламның бұйрықтары мен тыйымдарының біріне мән бермеу, Құран Кәрімді,

періштелерді, пайғамбарларды мазақ ету күпірлік болады. Күпірлікке себеп болатын

нәрсені жасаған адам діннен шығады. Күпірлік еткен адам дереу тәубе етуі керек, иманын жаңартуы керек. Күпірлікке апаратын жағдайлар:


 »  Дін ілімдеріне сенбеу, оларды және дін ғалымдарын, дін кітаптарын төмендету.

 

 »  Дін ілімдері туралы «Олар неге жарайды? Кімге қандай пайдасы бар? Бізге керек нәрсе ақша» деген сияқты сөздер айту.

 

 »  «Аллаһтың бұған күші жетпейді» деу.

 

 »  «Аллаһ бізді ұмытты» деу.

 

 »  «Құдай ата» деу.

 

 »  Харамды халал, халалды харам деу.

 

 »  «Аллаһ бізге зұлымдық жасайды» деу.

 

 »  «Аллаһ жоғарыда, көкте» деу.

 

 »  Бір нәрсе туралы «Аллаһтың басқа ісі жоқ па, осындай істер жарататындай» деу.

 

 »  Бір адамның «Аллаһ пәлен құлына мынанша байлық береді, маған аз береді. Осы әділдік па?» деуі.

 

 »  Байдың істерінің алға басқанын көріп, «Аллаһ та байларға жақ» деу.

 

 »  Біреуге «сені көру жаналғышты көру сияқты» деу.

 

 »  Үлкен және кіші күнә істеген адамға «тәубе ет» делінген кезде, «не істеп қойдым тәубе ететіндей» деу.

 

 »  Жаман адамдарды көрген кезде «бұлар Зебани (тозақ періштелері) сияқты адамдар» деу.

 

 »  «Пәленше пайғамбар болса, мен сенбес едім» деу.

 

 »  Біреуге «Аллаһ маған жұмақты берсе, сенсіз барғым келмейді» деу.

 

 »  Діни тұрғыдан қасиетті саналатын нәрсені балағаттау.

 

 »  Құран Кәрімнің бір аятына болса да сенбеу немесе күмән келтіру.

 

 »  «Ислам бұл ғасырға сай емес» деу.

 

 »  Құран Кәрімді, мәулітті және діни өлеңдерді музыкалық аспаппен оқу.

 

 »  Дінімізде үйренілуі парыз болған нәрселерді үйренбеу, үйренуді қажет деп санамау.

 »  Сиқырдың, дуаның міндетті түрде әсер ететініне сену.

 »  Өлген адамның рухының басқа адамға, балаға көшіп өтетініне сену.

 »  Залым адамды әділ деу.

 »  Харам істеген адамға «жақсы істедің» деу.

 »  «Мүміннің аузының ішіне…» деп сөгу.

 »  Басқа әйелге құштарлықпен қарап, «Сұлуға қарау сауап» деу.

 »  Шарап ішкізу үшін «Аз ішсең күнә болмайды» деу.

 »  Әдемі сәби көргенде «Аллаһ бұл балаға бар күшін салып жаратыпты» деу.

 »  Жамандау үшін «пәленше жұмаққа кірсе мен кірмеймін» деу.

 »  «Кәпір болу ұрлықшылықтан, өтірікшіліктен, сатқындықтан жақсы» немесе «христиан болу коммунист болудан жақсы» деу. 

 »  «Аллаһ бізге көктен қарап тұр» немесе «Аллаһ көкте» деу.

 »  Қабір мен қияметтегі азаптар туралы «Ақылға сыйымсыз, ғылымға сай емес» деу.

 »  «Намаз оқысам да, оқымасам да бәрібір» деу.

 »  «Адал нәрсе маған жақсылық әкелмейді» деу.

 »  Аллаһтың рахметінен үміт үзу немесе азап бермейді деп сенімді болу.

 »  Мұсылманға кәпір деу.

 »  «Бұл істен илаһи сананы көреміз», «Аллаһ қандай жақсы ойластырған», «Аллаһ өте ақылды» деу.

 »  Аллаһу та’аланы «Ойлап, есептеп немесе жоспарлап жаратты» деп адамға ұқсату.


       Мұсылман адам осындай күпірлікке себеп болатын нәрсені жасап, діннен шықса алдыңғы ғибадаттары жоқ болып саналады. Иманның кетуіне себеп болған нәрсеге тәубе етпейінше, кәлима-и шаһадат айтумен қайта мұсылман бола алмайды.