Ғажайып ағаштар

1. Нан ағашы Үндістан мен Малая аралында өседі. Оның асқабақ тәрізді же­містері болады. Кей­бірінің салмағы 25 келіге дейін жетеді. Ағаштың же­місінің крахмалы көп, дәмі бидайдың наны сияқты. Жергілікті тұрғындар осы нан ағашының же­місін бөлшектеп турап, қуырып ас етеді. Сондай-ақ әлгі жемістерді салқын шұңқырға салып, құрамындағы крахмалды ашыту арқылы қамырға ұқсас қоспа алып, одан дәмді тоқаш пісіреді. Ал, нан ағаш гүлдеп біткен кезде, оның тұқымын жинап шикідей де, қуырып та жейді. 21 жастағы бір нан ағашының жемісі 3-4 адамды бір жыл асырап шыға алады.

/upd/2015/0817/143981723555d1de13687ce5.63163491.jpg

2.Сүт ағашы.Бразилияда сүт беретін ағаш бар, ол Амазонка өзенінің жағасында өседі. Жергілікті халық оны «сорвейра» деп атайды, қазақшаға аударғанда «емшек» дегенді білдіреді екен. Сол сорвейра ағашының бір жерін кертіп қалса, одан сүт тәрізді ақ шырын саулап қоя береді. Өзі сүттен сәл қышқылдау. Сондықтан, оны алғаш тағам ретінде пайдалана қоймаған. Кейіннен ботаниктер зерттеп, оның сиыр сүтінен ешбір кем еместігін анықтаған. Халықтың айтуынша, ақ шырынға аздап су қосып пісірсе, сүттен дәмі айнымай қалады екен. Ағашты бір сауғанда 2-4 литрге дейін сүт алуға болады екен.

/upd/2015/0817/143981763055d1df9e7f1b58.38271922.jpg

 3. Шұжық ағаш.Еуропалықтар ХІХ ғасырдың басында осындай ағаштарды алғаш көргенде, бұталарда шұжықтар өсіп тұр ма деген ойға қалған. Себебі, ағашта өсіп тұрған жемістердің түсі мен ұзындығы 60 см, диаметрі 20 см пішіні шұжыққа өте ұқсас келеді. Өкінішке орай, бұлар — шұжық емес... Шұжық ағашының гүлдеуінің өзі ерекше. Қызыл әрі шұңғыма тәрізді гүлдері кешке ғана ашылып, түнде жайқалып тұрады. Ал таң атып, күн шығысымен, ашылған гүлдер түсіп қалады. Дегенмен, алғашында шұжық секілді болып көрінген жемістер жеуге жарамсыз және ешқандай пайдасы жоқ болып шықты. Алайда, «шұжық ағашы» деген атау өсімдікпен бірге біржола қалып қойды.

/upd/2015/0817/143981777355d1e02de9fb02.48313352.jpg

4. Какао, шоколад ағашы – мәңгі жасыл стеркулия тұқымдасына жататын ағаш. Биіктігі 4 – 8 м, гүлдері сары не қызғылт түсті. Какао Орталық жәнеОңтүстік Американың С, жылына түсетін°қалың ормандарында өседі. Африканың батысында және басқа да тропиктік аймақтарда 16 ғасырдың басынан қолдан егіле бастаған. 

Жазып алып, жолдаған: Рысбек Гүлназ 8 жас
Қарағанды қаласы