Ашулану

      Аллаhу тa’аланың жақсы көрмейтін жаман мінездердің біріАшулану

ашулану. Ашулану – адамның көркем мінез құлқын құртып,

денсаулығына зиян келтіреді. Ашудың, денедегі ең үлкен зияны жүрек пен бүйректерге келеді. Өйткені ашу денедегі қан айналым жүйесінің астан-кестенін шығарады. Қан тамырларының тарылуына себеп болады және қанның еркін айналуына мүмкіндік бермейді. Сол себепті жүрегі ауру адамдарға ашуланбауға кеңес беріледі. Сондай-ақ адам ашуланған кезде қанның құрамындағы шекер мөлшері артады. Адамның санасын игере алмауының себебі де қан айналымының нашарлауынан болады. Адам ашуланбауға тырысуы керек. Өзін ашуландырған, ызаландырған адамды кешіруі қажет. Сүйікті пайғамбарымыз: «Нағыз күшті, балуан, қаһарман - бәрін жеңген адам емес. Ашуланған кезде нәпсіне ие болып, ашуын жеңе білген адам нағыз балуан» деген.
 
      Адам ашуланған кезінде шайтанның қолындағы ойыншыққа, оның тұтқынына айналады. Шайтан оны оп-оңай күнә істеуге итермелейді. Бір кісі пайғамбарымызға келіп: «Йа Расулаллаh! Маған бір насихат айтыңызшы, соны ұстану арқылы құтылайын»,- деді. Сонда пайғамбарымыз: «Ашуланба!»- деп бұйырды. Айналып келіп басқа жерден тағы да насихат сұрады. Пайғамбарымыз тағы да: «Ашуланба!» деді. Бұл адам қанша рет насихат беруін сұраса да, әр сұрағанында пайғамбарымыз оған: «Ашуланба!» деп айтты. Иса алейhиссалам яһудилердің қасынан өтіп бара жатқанында яһудилер оған жаман сөздер айтады. Иса алейһиссалам оларға жылы сөздермен жауап қайтарады. Қасындағылар: «Яһудилер саған жамандық жасап жатыр, ал сен болсаң жақсы сөздер айтудасың» дегенде Иса алейһиссалам: «Әр адам өзінің бойындағы барын береді.» деді.
      

Хадис шәрифтерде былай делінді: 


«Ашулану шайтанның уәсуәсасымен пайда болады. Шайтан оттан жаралған, ал от сумен сөндіріледі. Ашуланған кезде дәрет алыңдар.» 

 

«Ашуланған кісі отырсын, егер ашуы қайтпаса жатсын!» 


Ашуланғанда әузу-бисмилләні айту, Құран кәрім оқу және намаз оқу керек. Ашулы адам түрегеп тұрған болса отыруы керек.