Балалардың өлеңдері мен әңгімелері 1-бөлім

Көктем

Келді көктем күлімдеп,
Нұрын төкті бізге күн.
Барлық бала асырсап,
Қырға шықтық гүл тердік.

Айнала әсем кілемдей,
Жасыл желек жайқалған.
Күн күлімдеп қарайды,
Бізге қарай нұр шашып.

 
Жолдаған: Амангелдина Айару Алмазқызы 7 жас
Батыс Қазақстан облысы, 
Қаратөбе ауданы, 
Қаратөбе селосы

***

Көктем

Жылылықты сағынып, құстар келді,
Қыстың сызы көктемде біраз селді.
Асқар таудан су сарқырады,
Күннің нұры жерге түсіп жарқырады.

Күн күркіреп, жаңбыр жауды көк аспаннан
Бәйшешек пен жауқазын раушаныңда,
Қар астынан сығалап жерден енді.
Қуанайық балалар, көктем келді!

ЖолдағанЖолдасқалиев Азамат 9 жас
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Боранқұл селосы

***

Абай атама

Ақын ата, ақыл ата, данышпан,
Ұлы Абай атамыз.
Өлеңдерін, ақыл сөзін әрқашан
Оқып, жаттап айтамыз

Жыр жазамын ұқсап сізге,
Еңбектенем, ерінбеймін.
Адалдықпен дос боп бірге,
Білімді боп өсемін.

 Жолдаған: Санием Исламбекова 6 жас
Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы

***

Мен Ажармын. Жасым сегізде. Мен үшінші сыныпта оқимын. Оқу озатымын. Кітап оқығанды, жазу жазғанды ұнатамын. Қазақ тілі, математика, орыс тілі, дене шынықтыру сабақтарын жақсы көремін. Олар маған қатты ұнайды. Әсіресе қазақ тілі ұнайды. Мен көктем мезгілін жақсы көремін.

Қызырбек Ажар 8 жас
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы
 Краснофлот негізгі мектебі

***

Наурыз тойы ұлы той,
Ол келсе бізге бақыт қой.
Думандатып той тойлап,
Қуантамыз елді жайнап.

 Мұратова Дания 10 жас
 Алматы қаласы

***

Сүйемін анамды мен,
Баланың махаббаты мен.
Сүйеді анам мені,
Ананың махабаттымен.
Болайық мәңгі сыйлы,
Сүйкімді де бақытты!
Ақтайық біз бәріміз,
Ананың махабаттын.

Мырзағали Бекзат 7 жас 
Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы

 

***
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым!

Мұхтар Алмагүл Серікқызы 11 жас
Актөбе қаласы

***

Көктемде
Көбелек билейді көктемде,
Гүлдермен қосыла бөктерде.
Көктемде келеді көкектер,
Көкек деп шақырып көк белге.
Көктемде жайнайды ақ гүлдер,
Ақ гүлдер, көк гүлдер,
Көп гүлдер...
Бөктерде жайқалып бәйшешек
Айнала құлпырып гүлденер.

Жолдаған: Бағдатова Шұғыла Дарханқызы 8 жас
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Алтықарасу ауылы

*** 

Мен қазақтың қызымын.
Өрілген қос бұрымым.
Ата-салтын сақтаймын,
Балдай тәтті қылығым.
Би билеймін, ән салам,
Табиғатқа тамсанам.
Таудай менің талабым
Мен өнерлі баламын. 

Ертайқызы Нұрай 10 жас
Өскемен қаласы

***

Буратино тұрғыным
Дау шығарды бір күні:
Білмеуші едік біз бұрын,
Дұрыс екен мұз мұрын!
Ағаш мұрын оңбайды.
Ал мұз мұрын Тоңбайды!
Қарамаңыз сіз қырын,
Салдырып бер мұз мұрын!
-Аязды қыс өткенде
Не істемексің көктемде.

Жолдаған: Құралай 20 жас
Алматы қаласы