Өмір

/upd/2016/0528/146443603457498542e466b2.49585984.pngҚуану мен өкінуден тұратын,
Бақытты да, бақытсызда қылатын.
Өмір дейтін керемет бір нәрсе бар, 
Әр адамды түрлі-түрлі сынайтын.
Беріледі бізге өмір Алладан,
Одан басқа бере алмайды еш бір жан.
Толып жүрген достарыңның көбісі,
Жарық бітсе, тастап сені жоғалған.
Аз да болса санаулы-ақ досым бар,
Ал сапасы жүзден, мыңнан әрі асар.
Олар барда қиналмаспын өмірде,
Бақытты өмір сүрсе екен, тек олар.

Әбдіғани Абзал 13 жас 
Қызылорда қаласы