Мен қазақпын. Қазақ ғарышкерлері. Дос

/upd/2016/0528/1464435640574983b82bc142.36803756.jpg

Мен – қазақпын, қазақпын деп мақтанамын,
Алашқа атым шықса шаттанамын.
Ей, қазағым жатпа ерініп, жұмыс істе,
Оқу оқы, білім ал деп жар саламын!

Шияпов Мирас 12 жас
Атырау қаласы

Қазақ ғарышкерлері
Ең бірінші ғарышқа ұшты,
Тоқтардай ағамыз мықты
Қазақтың намысын қорғап,
Содан соң Талғат аға ұшты.

Мақсат Алтаев 10 жас
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы

Дос
Дос деген өмірдегі жолдасың,
Дос деген өмірдегі сырласың.
Бір күні ренжіссең онымен,
Ертесіне ұмытылады бар нәрсең.

Аружан Бақыт
Ақтөбе облысы,  Ойыл ауданы
Ойыл қазақ орта мектебінің 3 «а» сынып оқушысы