Шынайы дос. Достық

/upd/2016/0530/1464614528574c3e80609c76.75968200.jpgШынайы дос, бақытымның бастауы,
Адалдығы жарық жұлдыз аспаны,
Дос басына қиыншылық түскенде,
Бас сауғалап айдалаға қашпауы.

Менің досым менімен бір қуанар,
Қиналғанда менімен бір жұбанар,
Достарыңның адалдығы байқасаң,
Шынайылық келбетімен сыналар.

Насырқан Аружан Мұратқызы 8 жас
Шығыс Қазақстан облысы, Мақаншы ауылы,
Мақаншы жалпы білім беретін орта мектебі,
3 «а» сынып оқушысы

Достық
Досың болған тамаша,
Болар әркез жаныңда.
Сыйла оны құрметте,
Қуан адал досыңа.

Олжас Жәрдемов
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы
Ойыл қазақ орта мектебі
4 «а» сынып оқушысы