Тұла бойы тұнған дәрумен - құлпынай

/upd/2015/0822/144025503055d88c36297038.56260111.png

Құлпынай – дəрумендерге өте бай. Ќұрамында ағзаға аса пайдалы С дəрумені көп. Оның құрамында темір, магний, калий, кальций, цинк, марганец, фосфор, кремний, мыс пен йод та бар. Қыс бойы дəрумен жетіспей əлсіреп шығатын ағзаға аса пайдалы.
Құлпынайдың пайдалары:
- Дəрумен жетіспеушілікке өте пайдалы.
- Тамырдың бітелуін алдын алады жəне холестеринді түсіреді.
- Құрамындағы антиоксиданттар қартаю процесін тежейді.
- Иммунитетті күшейтіп, қан аздыққа көмектеседі.
- Микробқа қарсы қасиеті жоғары болғандықтан, асқазан ауруы бар адамдарға аса пайдалы.
- Жүрек қан-тамырлар жүйесін қорғайды.
Емдік қасиеттері
Жөтел жəне өкпе аурулары кезінде құлпынайдың жапырақтарын қайнатып ішсе, тез арада жазылып кетуге болады. Құлпынайды десерт ретінде жейді. Құлпынайдың пайдасын арттыру жəне организмге сіңімдірек болу үшін, қаймақпен немесе кілегеймен жеу керек. Құлпынайдан шырын, тосап, джем жасайды. Хош иісі үшін парфюмерияда қолданады.
Құлпынайды қалай таңдауға болады?
- Сатылғанда құлпынайдың гүлсабағы да міндетті түрде сақталуы керек. Себебі гүлсабағының сақталуы құрамында С дəруменінің қажетті мөлшері болуына кепіл болады.      
- Өте үлкен құлпынай жидектеріне қарағанда орташа жəне ұсақ жидектерінде дəрумендер көбірек болады.      
- Құлпынайдың ашық қызыл немесе қанық қызыл түрлерін кездестіруге болады. Бұл құлпынайдың өскен жеріне, түріне байланысты болып, əрқайсысының өзіндік дəмі мен ерекшеліктері болады.
- Сапалы жидектердің табиғи жағымды иісі болады. Иісі  байқалмайтын жидектердің «химия» көмегімен өскендігі белгілі болады.