Жаңа технология-6

Ауа тазартатын Red Dot велосипеді 
Пайдаланылған зиянды түтіннің көлемін арттырудың орнына түтінсіз және экологиялық тұрғыдан тиімді велосипедтер пайдалану Франция, Голландия сияқты елдерде кеңінен таралған. Бангкоктық «Lightfog Creative and Design» компаниясының жобалаған ауа тазартқыш Red Dot велосипеді «Жоба» сыйлығын жеңіп алды. Бұл велосипед ауаны ластамауымен қоса ауаны тазартатын көлік болып табылады.
 
/upd/2014/0711/140506812153bfa35955d052.49685327.jpg Фин – ақылды жүзігі
«Фин» деп аталатын бармаққа киілетін бұл құрал алақанмен жасалған іс-әрекеттерді қабылдап, өзге техникаларды басқарады. Мысалға: ақылды (смарт) теледидардың дауысын көтеріп-түсіреді, каналдарды алмастырады, монитордағы ойындарды ойнайды, жүгіргенде МР3 форматын немесе көлік айдағанда (смарт) ұялы телефонын басқара алады. LED индикаторы мен литий-темір аккумуляторының арқасында Micro-USB портынан зарядталатын құралдың заряды 1 айға дейін жетеді. Сонымен қатар IP67 стандартына сай шаң мен су өткізбейтін бақылаудан өткен. 
/upd/2014/0711/140506813853bfa36a9fa854.30087944.jpgБүкірліктің алдын алатын монитор
«Philips» компаниясының ErgoSensor мониторы бүкірейіп бара жатқан арқаны тіке ұстауды ескертеді. Құрылғының көмегімен арқа аурулары және көз талмасы камера арқылы бақыланып, адамның отырысы анықталады. Осылайша қаншалықты жақын, бүкірейіп отырғаны ескертіліп, дұрыс отыруы бақылауда болады. Сонымен қатар үзіліс жасап, орындықтан тұруды да ескертеді./upd/2014/0711/140506816653bfa38644c290.27090728.jpgСезімтал тістер
«Өте сезімтал» тіс құрылғысын ойлап табуда ғалымдар белсенді жұмыс жасап жатыр. Бактерия, тіс тастары және вирус түскен жағдайда құрылғы өздігінен белгі беріп, бұл мәліметті тіс дәрігеріңізге де жеткізеді. Бұл құрылғы асқазан жарасы мен қатерлі ісік ауруларын зерттеуде түкіріктен диагноз алу кезінде қолданылған.
/upd/2014/0711/140506818253bfa39650c935.90626236.jpg