Үміт үйі

/upd/2016/0530/1464614003574c3c735207e0.27990127.jpgСағындырған, сағындырған, күттірген 
Қарттар үйі- «үміт үйі» деп білем 
Әкесін тастап кететіндей баланы 
Қай шайтан кеп бүйірінен түртті екен.

Өткінші бір қызық- думан секілді,
Гүл өмірі, құр өмірге секірді,
Сүйеніш болар жоқ қой кәрі әкенің
Жалғыз ұл мен құдай қосқан кемпірі.

Тор шарбақтан тысқа көзін салады
Сағыныштан жасқа толы жанары.
Қарт жүрегі жас баласын іздейді,
Ешбір қайғы ойлантпады баланы.

Ілік іздеп, шалыс басқан сәттерден
Бұл өмірдің сынығы да қатты екен.
Қарттарымыз аман жүрсін әрдәйім,
«Қарты бар үй- жазып қойған хатпен тең». 

Байсалбай Гүлсезім 14 жаста
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Кәукей ауылы