«Балалар әлемі» журналы

/upd/2014/0609/140230182053956d7cd5dec7.76344349.jpg«Балалар әлемі» журналы,
Бар қызықты біз үшін арнады.
Сиқырлы сандықша секілді,
Ішін ашсаң, нұр төгіліп тұрады.

Журналы баланың «Балалар әлемі»,
Ертегі, ойындар, өлең де береді.
Жалықпай оқитын, жазатын, көретін,
Осы ғой біздерге ең нағыз керегі.

Бағдатова Шұғыла Дарханқызы, 7 жас
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Алтықарасу ауылы