Ақ әже

/upd/2016/0528/146443793157498cab6e2810.11993977.jpgЕркелетіп, елжіреп,
Немере де бағады.
Қолтыққа қысып көйлегін,
Тойларға да барады.

Әр үйде бар ақ әже,
Ақ әжеде ақ сандық.
Қалаған затың табылар,
Бейне бір сынды бақ сандық.

Әжем жапқан жаппай нан,
Келемін сондай таппай дәм.
Деп тамсанып таңғалды,
Келген ағам шалғайдан.

Дәстүрден сыр шертеді,
Әжем жайған дастархан.
Ауылдағы береке,
Әжелерден басталған.

Ақ жаулығы желбіреп,
Ауылдың олар сәні ғой.
Әже деген сүйікті,
Бар баланың әні ғой.

Байсалбай Гүлсезім 11 жас
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы