Бауыржан Момышұлы

   /upd/2014/0503/139909402753647b0ba33974.87205267.jpg  Бауыржан Момышұлы - Кеңес одағының батыры, жазушы, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Ұлы Отан соғысының әйгілі батыры бейбіт замандағы жазушы өз өмірінде ірі ерліктер жасады. Б.Момышұлы - тәңірге, тәңір берген тағдырға сенген адам. Ұлы Отан соғысының даңқты батыры "Намысты нанға сатпа" деген ұранмен ел үшін, жер үшін кеудесін оққа тосып, жанын берді. Москва үшін соғыста 207 рет ұрысқа қатысты. Ол 25 жыл өмірін әскер қатарында өткізді. Фашистермен шайқасып, 5 рет өлімнің құрсауында қалды, 2 рет ауыр жараланды. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады. Б.Момышұлының осындай батыл ерліктерін көрген жолдастары оны "Шаң тимес" деп атаған. Қол астындағы жаяу әскерлеріне "Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет" - деп қолдау көрсетіп, шабыттандырып отырды. Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп, ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды. Бауыржан атамыз бірнеше ордендермен, медальдармен марапатталды. Кеңестер Одағының батыры атағын алды. Бауыржан Момышұлын халқы әрқашан "батырым" деп танып, құрметтеді. Ол мәңгі қазақ жүрегінде қалатындай ерлік көрсетті. Адам өткінші, адамзат мәңгілік деген осы.

Абай Аружан 13 жас
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,
Айдарлы ауылы №139 орта мектеп