Менің арманым

/upd/2014/0501/139893254953620445bd38c7.01847794.png     Менің атым – Аружан. Мен 5-сыныпта оқимын. Маған сабақта барлық пәндер ұнайды. Әрбір адамның өмірде өзінің мақсаты мен армандары болады. Менің бірінші арманым-мектепте жақсы оқу.Сол үшін кітапханаға жиі барамын, кітаптардан көп мағлұмат аласың, қызықты әңгімелер оқисың. Бос уақытымда ғаламтордан сабаққа керекті мәліметтер іздеймін. Менің болашақтағы арманым- балалар дәрігері болу. Дәрігер жақсы мамандық, олар сырқат адамдарды емдейді, ал балалар дәрігері кішкентай балаларды емдеп жазады. Ауырып жатқан балаларды емдеп, оларды қайтадан көңілді ету деген қандай жақсы! Кішкентай сәбилер өздерінің көңілсіз, мазасыз кездерін тіпті ұмытып кетеді. Дәрігерлерді «ақ қалатты абзал жандар» деп сондықтан атаса керек. Енді мен болашақтағы өз арманыма жету үшін көп оқимын.

Қонақбаева Аружан 5-сынып оқушысы
Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы
№2 Бадамша орта мектебі