Жаңа технология-3

Тазартқышы жоқ машина терезесіБұл әйнек төрт қабаттан тұрады. Бірінші қабат (сыртқы) – күн жарығын сүзгіден өткізіп, өзіне су жұқтырмайды. Екінші қабат – әйнектегі шаңдарды жан-жағына ығыстырады. Үшінші қабат – екінші қабаттың жұмыс істеуіне көмектеседі. Ал төртінші қабат – толық осы механизмдерді электр тоғымен қамтамасыз етеді. Нанотехнологияның өнімі болып табылатын бұл әйнектің сериясы алдымыздағы 5 жылдың  ішінде шығуы мүмкін. 
/upd/2014/0410/139712510953466ff50cc8a5.04871407.pngОқ өткізбейтін кеудеше: “Оқ өткізбейтін кеудеше” дегенде есімізге тек полициялардың киетін қалың киімдері (бронежилет) түседі. Енді бұдан былай қалың, қолайсыз киімдерді киюдің еш қажеті жоқ. Көптеген ғылыми-фантастикалық кинолар даму тұрғысынан осыншалықты ілгерілейміз деп ойламаған болар. Салмағы 3 кг болатын кеудеше оқ өткізбейді, әрі пышақпен де кесілмейді.
/upd/2014/0412/13972731265348b226bbce18.13574766.pngҮрленетін динамикті креслоӘуен тыңдап, креслода рахаттанып отырғыңыз келсе, бұл жиһаз нағыз сізге арналған. Қалаған уақытта үрлеп үстіне отыруға болады немесе желін шығарып тастап, жинап қоюға да болады. Динамиктер екі құлаққа естілетіндей күйде креслоның жоғарғы бөлігіне орналастырылған. Қалаған уақытта ipod, mp3 құралдарына қосып, ән тыңдауға болады.
 
/upd/2014/0410/13971253895346710d8e4957.79837807.pngМайысқақ киім ілгіштерКлассикалық түрдегі ілгіштерден жалыққан адамдар үшін ойлап табылған жаңа дизайн. Қалаған пішінге келтіріп, қалаған киіміңізді ілу арқылы шкафыңызды классикалық атмосферадан тазартқан боласыз./upd/2014/0410/139712389753466b39c20927.89514346.jpg 
Жұмаршақ қар жасайтын құрал«Жұмаршақ қар жасағанда қолдарым тоңады» деп шағымданасыз ба? Әлде «Жоқ, мен қолғап киемін» деп айтасыз ба? Қолғап киген күнде де жұмаршақ қарды қалаған пішініңізде жасай аласыз ба? Егер де қолым тоңбасын, әрі далада қалаған түрде жұмаршақ қарлар жасағым келеді десеңіз, бұл құрал нағыз сізге арналған. Балмұздақ қасығына ұқсайтын бұл құрал әрі нығыздалған, әрі әдемі түрдегі жұмаршақ қарларын жасап береді. 
/upd/2014/0410/13971254155346712707a5f3.15185086.pngҚағаз таразыҚағаздан сәл ғана қалың болған бұл таразының ең басты ерекшелігі – бүктеліп жиналуында және жұқалығында. Бар екендігі білінбейтін таразымен өлшенудің өзі қызықты. Mp3, радио тыңдап, кино көруге болатын моншаларда, енді су өткізбейтін таразымен салмағыңызды да өлшей аласыз. 
/upd/2014/0410/13971262385346745e90ca68.55574409.png